Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сәбиін еденге ұрған әйел аналық құқығынан айырылды

7 айлық сәбиін еденге ұрған Марина Тюменцева және оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников ата-аналық құқығынан айырылды.

Сурет : www.inform.kz3 Наурыз 2018, 15:12

Алматы облысының Қарасай ауданындағы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талғар ауданының білім бөлімі түсірген талап арызды қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 айлық сәбиін еденге ұрған Марина Тюменцева және оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников ата-аналық құқығынан айырылды.

Сот қаулысына сәйкес, М. Тюменцева балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін алимент төлеуге міндеттелді. Яғни, ол 19.01.2018 жылдан бастап айлық табысының 1/3 бөлігін ай сайын балаларының жеке шотына жіберіп отыруы тиіс. Ал оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников қызына ай сайын табысының ¼ бөлігін төлеп отыруы керек.

Ал кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы қамқорлыққа алып, оларды орналастыру мәселесі Талғар ауданының білім бөліміне жүктелді. Естеріңізге сала кетейік, Марина Тюменцева 7 айлық сәбиін еденге ұрғаны үшін ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлігі бойынша сотталып, оған 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.

Артынша Талғар ауданының білім бөлімі қатыгез ананы және оның азаматтық некедегі жолдасын ата-аналық құқығынан айыру туралы сотқа арыз түсіргенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер