Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Coca Cola» компаниясы 2020 жылға дейін әлемнің 5 млн әйеліне көмектеспек

«Сосо Соla» компаниясының әлем бойынша әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған «5by20» (файф бай туенти) деп аталатын көпжылдық бағдарламасы бар.

Сурет : Хабар 243 Наурыз 2018, 15:37

Астанада «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау механизмдері» атты республикалық конференция өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Шараны «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы мен «Әлеуметтік қозғалыс» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Елді мекенде кәсіп бастауға ниеттенген нәзікжандардың үздік бизнес идеясын «Coca Cola белестері» атты байқаудың аясында қолдау көзделіп отыр. Осылайша ауылдағы әйелдердің «бизнес-вумен» атануына аталған байқау сеп болмақ.

Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы мен «Әлеуметтік қозғалыс» қоғамдық қоры бірлесіп, «Coca-Cola» компаниясының қолдауымен 2013 жылдан бері «Coca-Cola белестері» атты әлеуметтік жобаны іске асыруда. Жоба аясында ауылдағы жұмыссыз және аз қамтылған әйелдерді оқытып, оларды бизнеске баулу көзделген. Тіпті ол үшін арнайы грант та бөлінеді.

– Биыл алтыншы жыл «Coca-Cola белестері» бағдарламасын бастап отырмыз. Бұл бағдарламаның аясында ауылды жердегі әйел кісілерге білім береміз. Және де оларға конкурсқа қатысуға ұсыныс тастап отырмыз. Конкурста өзінің бизнес жобаларын қатыстыру керек. Және әр жылы 10 жеңімпаз анықталады. Оларға 4 мың доллардан бизнес бастауына беріледі, - деді Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының төрайымы Салтанат Рақымбекова.

«Coca-Cola белестері» жобасының ерекшелігі, ауылдағы нәзікжандар бизнес сабақтары үшін қала мен аудан орталығына сабылмайды. Мамандар елді мекендерге барып, өздері оқытады. Ұйымдастырушылар өткен алты жылда кәсіпкерліктің негізі бойынша 150 тренинг өткізіпті. Үздік бизнес идея үшін 41 азаматша 4 мың долларды құрайтын грантқа ие болған. Нәтижесінде 105 жаңа жұмыс орны ашылды.

– «Сосо Соla» компаниясының әлем бойынша әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған «5by20» (файф бай туенти) деп аталатын көпжылдық бағдарламасы бар. Бұл жоба соның бір бөлігі болып табылады. Осының аясында кәсіпорын 2020 жылға дейін дүние жүзіндегі 5 миллион әйелге бизнес тренингке қатысуға мүмкіндік беріп, шағын кәсіпкерлікті дамытуға қаржылай көмектеспек, - дейді Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі «Coca Cola» компаниясының менеджері Александра Аккирман.

Екінші наурызда басталған дәстүрлі байқау қыркүйектің онына дейін жалғасады. Қазан айының 1-15 аралығында жобаларды көпшілік алдында қорғау кезеңі өтеді. Одан соң компанияның грантын ұтып алатын 10 жеңімпаз Астанада ұйымдастырылатын ауыл әйелдерінің бірінші республикалық форумында марапатталмақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер