Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарабатан ауылындағы өрттің шығу себебін анықтау үшін Астанадан арнайы комиссия аттанады

Комиссия оқиғаның шығу салдары мен кәсіпорынның қызметі арасындағы байланысты тексереді.

Сурет : enbek.gov.kz3 Наурыз 2018, 17:45

Атырау облысы Қарабатан ауылындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылыс аумағындағы орын алған төтенше жағдайды тергеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚР Еңбек кодексінің 188 бабына сәйкес, жазатайым оқиғаны тергеп зерттейтін Үкіметтік арнайы комиссиясы құрылады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған комиссиялық топтың құрамын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаев басқарады. Сондай-ақ жасақталған топтың құрамына ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және Атырау облысы әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдері енгізілмек. Комиссия оқиғаның шығу салдары мен кәсіпорынның қызметі арасындағы байланысты тексереді.

Құрылған арнайы комиссия Қарабатан ауылына аттанды.

Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысы Қарабатан ауылындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылысы аумағындағы жатақханада болған өрттен 6 адам мерт болды. Бірнеше адам зардап шекті. Оқиға бүгін, 2 наурызда, сағат 8:41- де тіркелді. ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала тергеу нәтижелеріне сай, өрт электр тоғының тұйықталуынан шыққан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер