Қостанайда ер адам ит қауып алғаннан кейін көз жұмды

Алау порталы Алау порталы
Зардап шегуші есін жимастан қайтыс болып кеткен.

Белгілі болғандай, оқиға Қостанайда болған. Өңірдегі кәсіпорындардың бірінің жанында ер адамды ит қауып алған, деп хабарлайды Zakon.kz Алау порталына сілтеме жасап.

Ер адам Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілді. Аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, ит қауып алған ер адам ауруханаға жеткізілді, оны бірден жан сақтау бөліміне жатқызған. Зардап шегуші есін жимастан қайтыс болып кеткен.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Жітіқара қаласының 59 жастағы тұрғынын ит қауып алғаннан кейінгі өліміне қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жәбірленуші жұмыс істейтін кәсіпорын басшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық Кодексінің 408-бабы 2-бөліміне сәйкес «Денсаулыққа зиян келтіретін иттерді ұстау ережелерін бұзу» әкімшілік іс қозғалды", - делінген ІІД баспасөз қызметі берген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз