Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанадағы балалар үйінде құжаты жоқ 12 тастанды сәби тәрбиеленіп жатыр

Бүгінгі күні мекемеде төрт жасқа дейінгі 48 бала бар.

Сурет : elorda.info5 Наурыз 2018, 15:22

Астананың мамандандырылған балалар үйінде ата-аналары белгісіз, баладан бас тарту туралы құжаттары рәсімделмеген 12 тастанды бала тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Балалар үйінінің директоры Сәуле Кенжебаеваның айтуынша, бүгінгі күні мекемеде төрт жасқа дейінгі 48 бала бар.

«Оның 21-і ата-аналары бас тартқан, 15 уақытша орналастырылған және ата-аналары қандай да бір құжатты рәсімдеместен тастап кеткен 12 тастанды бала бар», - деді С.Кенжебаева.

Айта кетейік, 2017 жылы Астана қаласының мамандандырылған балалар үйінен 38 бала асырап алынған. 17 бүлдіршін қамқорлыққа беріліп, 35 бала отбасына қайтарылды. Сондай-ақ 3 бала патронаттық тәрбиелеуге беріліп, 8 бала психоневрологиялық мекемеге тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер