Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Маңғыстауда қаңғыбас иттер қорадағы малды түгел қырып кеткен

Иттердің шабуылы, әсіресе соңғы 2 аптада көбейіп кеткен.

Сурет : www.inform.kz6 Наурыз 2018, 10:53

Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары қаңғыбас иттер мал мен адамға шабуыл жасап жатыр деп дабыл қағуда, деп хабарайды Қазақпарат.

Бүгін көшеде қараусыз босып жүрген иттер осы елді мекендегі Бақыт Ердәулетовтың қорада тұрған 5 қой, 2 ешкісін қырып кеткен.

«Таңертең қораға қарай бара жатсам, айналасында қаңғыбас иттер толып жүр. Жүрегім зу ете қалды. Қораға қарай жүгірдім. Қойларым қырылып жатыр. Бәрі өлген. Жалғыз біздің қораға емес, осыдан 3-4 күн бұрын осындай оқиға болды деп естігем. Қазір облыста малдар құтырумен ауыруда. Содан қорқамын. Иттерге де жұққан болса, балаларға мен адамдарға зияны тие ме деп», - дейді Бақыт Ердәулетов.

Шаруа иесі жергілікті әкімдікке барып, мән-жайды айтыпты. Мал дәрігері, депутаттар, ауыл әкімінің орынбасары қораға келіп, шығынның өтелмейтінін айтқан.

Тек мал құтырып не ауырып өлген жағдайда ғана өтемақы беріледі екен. Енді Бақыт Ердәулетов бұралқы иттердің көзін жоюды сұрайды. Қазір жергілікті әкімдік пен полиция қызметкерлері бұралқы иттерді аулауға кіріскен.

Түпқараған ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Аманқос Жұмағазиевтың айтуынша, арнайы комиссия да құрылған.

Ауыл тұрғындары осыған дейін 40-қа тарта қой-ешкінің өлгенін айтты. Тіпті, бала мен әйелді тістеп алған.

Иттердің шабуылы, әсіресе соңғы 2 аптада көбейіп кеткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер