Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалып жатыр

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 22:53 Stan.kz
Екі елдің де сүйікті әншісіне айналған Батырхан Шүкеновтың ескерткішін астаналық мүсінші Жарас Шаймерденов жасауда.

Астана қаласында қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалынып жатыр. Бірақ сазгерге арналған мүсін әншінің туған жері Қызылордада тұрғызылатын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Екі елдің де сүйікті әншісіне айналған Батырхан Шүкеновтың ескерткішін астаналық мүсінші Жарас Шаймерденов жасауда. Әншінің саксафон ұстап тұрған мүсіні көпшіліктің көңілінен шығып, жұртты бір қуанышқа бөледі.

Астаналықтар халықтың ықыласына бөленген сазгердің мүсінін Елордаға да орнату керек деп ұсыныс тастауда. Олар әншінің әр туған күнінде, халық оның ескерткішіне барып сүйікті сазгерінің әсем әндерін айтатын болады дейді.

Желі қолданушылардың басым бөлігі мүсіншінің еңбегін бағалап, оған қошемет көрсетуде. Ескерткіш мүсіннің көптің көңілінен шыққаны соншалық Жарас Шаймерденовты алтын қолды мүсінші деп мақтап жатыр.

Тіпті кейбіреулер Батырхан секілді халықтың ықыласына бөленген тұлғаларға арнап саябақ ашылса екен деп пікір қалдырған. Олар қалаға осы әншілердің жанкүйерлері жиналып есіне алатын арнайы саябақ керек дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: