Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында биыл 1325 азамат кәсіп ашуға ниетті

www.getyourmillion.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2018 15:19 www.getyourmillion.ru
Өңірде өткен жылы «Бизнес бастау» жобасы аясында республикалық бюджеттен Ұлттық кәсіпкерлік палатасына 750 адамды оқытуға 51 млн. теңге қаржы бөлінген.

Атырау облысында биыл 1325 адам өз кәсібін ашуды жоспарлап отыр. Олар «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге ниетті. Жергілікті билік олардың 200-ден астамына қаржылай қолдау көрсетпек, деп жазады Қазақстан ұлттық телеарнасы.

«Кәсіпкерлерге несие беруді ұлғайту керек деген Президент бастамасынан кейін өз ісін ашуға бел буғандардың қатары арта түседі», - дейді мамандар. Мұрат Сарманов бірнеше жылдан бері мал шаруашылығымен айнасылып келеді. Кәсіпкер «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» өз ісін ашпақ болғандарға зор мүмкіндік», - дейді. Өйткені, шағын несие беруді ұлғайту еңбек өнімділігін арттырып, жұмыссыздықты азайтады.

Мұрат Сарманов, кәсіпкер: - Ауыл-аймақтағы кәсіпкерлер үшін өте қомақты қаржылық қолдау деп есептейміз. Көптеген кәсіпкерлер ынта-жігер танытып, бір көтеріліп қалған шығар деген ойдамын.

Өңірде өткен жылы «Бизнес бастау» жобасы аясында республикалық бюджеттен Ұлттық кәсіпкерлік палатасына 750 адамды оқытуға 51 млн. теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 131 адам несие алып, өз кәсібін ашты.

Жаннат Сабырғалиева, Атырау облыстық Кәсіпкерлікті қолдау және сауданы дамыту бөлімінің басшысы: - Биыл да осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады. Яғни, «Бизнес бастау» жобасы бойынша биыл 1325 адамды оқыту жоспарланса, оның ішінде 266 адамды несиемен қамту көзделіп отыр.

Қазір аймақта 43 мың кәсіпкер бар. Олардың дені құрылыс, бөлшек сауда және көлік жөндеу саласында. Былтыр жыл соңында 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Жандос Темірғалиев, тілші: - Шағын несие беруді көбейту мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Əсіресе, ауыл-аймақтарда кəсіпкерлікті дамытуға ден қойылмақ. Шағын бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады, соның арқасында өңірдің, қалаберді тұтас елдің экономикасы еселене түспек.

Жандос Темірғалиев

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: