Бақылаусыз қалған алты жасар бала ысты газдан көз жұмды

Рavlodarnews.kz Рavlodarnews.kz
Өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ақсу қаласында Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйдің үш бөлмелі пәтерінде өрт орын алды. Оқыс жағдай кезінде пәтерде алты жасар бала болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

9-наурыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында үш бөлмелі пәтердегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. №11 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы мен жеке құрамынан 11 адам оқиға орнында жұмыс істеді. Бес минуттың ішінде қызыл жалын оқшауланды.

- Пәтерге кіргенде 2012 жылы туған ұл баланы таптық. Ол ауыр деңгейдегі ысты газбен улану диагнозымен Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке орай, бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді департаментте.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз