Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да моншада соққыға жығылған 50 жастағы ер азамат ауруханаға түсті

Келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданында болған.

Сурет : 12 Наурыз 2018, 12:10

Оңтүстік Қазақстан облысында монша қызметкерінің үш ұлы қызылордалық тұрғынды ұрып тастаған. Жарақат алған азамат аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданында болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қызылордалық тұрғын моншадағы әйелмен жанжалдасып қалған.

«Тергеу барысында 50 жастағы ер азаматтың монша қызметкерімен өзара жанжал туындағаны белгілі болды. Ол әйелге көмектесуге оның үш ұлы келіп, клиентті ұрып-соғып, 170 мың теңгесін алып қойған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1980, 1982 және 1992 жылы туған жергілікті тұрғындар ұсталды» делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда осы жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тонау қылмысы бойынша айыптау актісі Сарыағаш аудандық сотына жолданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер