Көктемде «Tальго» билеттерін 20% жеңілдікпен алуға болады

Baq.kz Baq.kz
Жеңілдіктер пайызы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байлынысты.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізу туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жеңілдіктер пайызы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байлынысты. № 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%; № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%; № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20%; № 89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20% жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35%-дық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.

Осылайша көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50%-дан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз