Жаңалықтар тізбегі
0

Автобуспен болған жол апаты салдарынан он алматылық медициналық көмекке жүгінді

Вnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2018 23:04 Вnews.kz
Жол апаты болған жерге алты медициналық жедел жәрдем бригадасы келген.

Алматыда №38 бағытында жүретін жолаушылар автобусы мен Mercedes автокөлігі соқтығысуы салдарынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды BNews.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 наурызда сағат 08:22-де жедел жәрдем пунктінің станциясына Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы қоңырау келіп түсті. Жол апаты болған жерге алты медициналық жедел жәрдем бригадасы келген. Он адам медициналық көмекке жүгінді", - деді басқармада
.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасында үш зардап шегушіге оқиға орнында медициналық тексеру жасалды, олар ауруханаға жатудан бас тартқанын атап өтті. Жарақаттанған төрт адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оларды дәрігерлер тексерді. Тексеріс нәтижесінде пациенттер амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал бір адам ауыр қосарлас жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі зардап шегуші жеткізілген. Аурухананың қабылдау бөлімінде оларды мамандар тексеріп, оларды амбулаториялық ем қабылдауға жіберді.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала жеткізілді. Оған дәрігерлер ауруханаға жатып емделуді ұсынды, алайда ол бұдан бас тартқандықтан, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Еске салсақ, бүгін таңертең Алматыда №38 бағытында жүретін жолаушылар автобусы мен Mercedes автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: