Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы мүмкін

Бұл құқық бұзушылық үшін 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сурет : Baq.kz14 Наурыз 2018, 14:44

Әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркек сотталуы керек. Египетте парламент депутаты Абла Хавари осындай заң жобасын қабылдауды ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz.

Дайындалып жатқан құжатқа сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек.

«Көп әйел алушылықты жою керек, бірақ әлі күнге дейін оған қол жеткізе алмай келеміз. Әзірге бірінші және екінші әйелдің құқығын қорғауды қадағалайтын механизм ойлап табуымыз керек», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Египетте көптеген әйелдер жұбайының өзінен басқа да жұбайлары бар екенін білмейді және бірінші некеден туған балалар да екінші некеден туылған басқа да бауыр-қарындастары бар екенін білмейді. Отағасы өмірден озып, жылжымайтын мүлікті бөліскен кезде әртүрлі мәселелер туындайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер