Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандықтар Астанадан Самарқанға тікелей қатынай алады

Екі жақты сауда-саттықты дамыту да жоспарда бар.

Сурет : i.onthe.io15 Наурыз 2018, 12:46

Қазақстандықтар Астанадан Самарқанға тікелей қатынай алады. Келесі айдан бастап осы бағытқа жолаушылар пойызы жүреді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мұндай келісім екі ел бірлескен үкіметаралық комиссия жиынында белгілі болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, көрші елге қатынайтын әуе рейстерінің саны да артады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: “Қазір келіссөз жүріп жатыр. Астана мен Ташкент арасында рейстер санын жетеуге, Алматы-Ташкент бағытында 10-ға арттырамыз деген жоспар бар. Өткен жылдан бері Ташкент — Алматы арасында аптасына 2 рет жолаушылар пойызы қатынайды. Сұраныс жоғары, сондықтан оны аптасына 3 рет жүретін ету ойда бар”.

Темір жол жүк тасымалы саласында өсім бар. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 20,5 млн тонна тауар тасымалданған. 2018 жылдың екі айындағы көлем былтырғы кезеңмен салыстырғанда 44% артқан.

Екі жақты сауда-саттықты дамыту да жоспарда бар. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар айналымы 2 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 31% көп. Экспорт мөлшері 35% артып, 1,3 млрд долларға жеткен. Импорт 25% өсіп, 735 млн долларды құрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер