Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда инженер Назарбаев зияткерлік мектебіне ұрлыққа түскен

Бейнежазбаларды тексеру барысында техникалық қызмет көрсететін жеке компанияның инженерінің күртесінің ішіне ноутбук жасырып шығып бара жатқаны анық көрінген.

Сурет : ҚазАқпарат16 Наурыз 2018, 11:29

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебін тонаған адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 47 жастағы ер адам Назарбаев Зияткерлік мектебінің техникалық жабдықтау компаниясында жұмыс істеген.

Іс материалдарына сәйкес, Назарбаев зияткерлік мектебінің есепшісі толық құрал-саймандарды санау барысында «НР Ргоbоок 450 G1» маркілі 23 ноутбук пен «Саnon ЕOS 70 D» және «Саnon ЕОS 1200 D»2 фотоаппаратының санына жетпей қалған.

Бейнежазбаларды тексеру барысында техникалық қызмет көрсететін жеке компанияның инженерінің күртесінің ішіне ноутбук жасырып шығып бара жатқаны анық көрінген.

Осылайша ол 2017 жылы тамыз бен қазан аралығында 23 ноутбук пен 2 фотоаппаратты қолды еткен. Ұрланған заттарды ол ломбардтарға өткізіп, қолдан қолға сатып отырған.

№2 Медеу аудандық сотының судьясы Фаррух Омаров сотталушыны ҚР ҚК 188-бабы бойынша айыпты деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, сотталушы Назарбаев зияткерлік мектебіне 1 574 333 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер