Жаңалықтар тізбегі
0

«Дю Солей» циркінің тағы бір акробаты мерт болды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2018 16:48 ҚазАқпарат
Бұл Cirque du Soleil құрылған отыз жылдың ішінде ажал құшқан екінші акробат.

Du Soleil циркінің акробаты АҚШ-тың Флорида штатында қойылым барысында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС телеарнасына сілтеме жасап.

Әуе гимнасты Янн Арноның биіктіктен аренаға құлап, қаза болғаны туралы жексенбі күні канадалық цирктің басшылығы хабарлады.

«17 наурыз күні Флорида штатының Тампа қаласында Volta шоуы кезінде жазатайым оқиға орын алғанын қайғыра хабарлаймыз. Тәжірибелі әуе гимнасты Янн Арно әуе белдіктерінде номерді орындау барысында аренаға құлап кетті», - деп хабарлады Cirque du Soleil.

Арно жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, бірақ ол алған жарақаттары салдарынан көп ұзамай көз жұмды.

Айта кетейік, бұл Cirque du Soleil құрылған отыз жылдың ішінде ажал құшқан екінші акробат. 2013 жылы 15 метр биіктіктен 31 жастағы әртіс Сара Гийяр-Гийо құлап кетіп, мерт болған еді. Ол кезде циркке 25 мың доллар сомасында айыппұл салынған болатын. Невада штатының соты акробат қыздың өлімі қауіпсіздік техникасын сақтамаудан болды деген тұжырымға келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: