Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да жеке тұрғын үйдің ауласында 2 жасар бала суға батып кетті

Өңірде жыл басынан бері суда 4 жазатайым оқиғасы тіркеліп, 1 балықшы мен 3 жас бала қайтыс болған.

Сурет : www.inform.kz19 Наурыз 2018, 16:12

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 2 жасар бүлдіршін суға батып кетті. Қайғылы жағдай Манкент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суға батуға қатысты оқиғалар бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Облыстық ТЖД қызметкерлері бүлдіршін қайғылы жағдай орын алған кезде ата-анасының қарауынсыз қалғанын айтады.

«18 наурыз күні сағат 19:00-дер шамасында Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Набережная көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында абайсызда 2016 ж.т. жас бала суға құлап батып кеткен. Баланың денесін ата-анасы тауып алған», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Департамент қызметкерлері 31-ші қаңтарда Отырар ауданы аумағындағы Арыс өзеніне түсіп кеткен баланың денесі 15 наурыз күні табылғанын жеткізді.

Ата-анасының сұранысы бойынша құтқарушылар 7 жасар баланың денесін іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жетінші мәртеде табылғанын алға тартты.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері суда 4 жазатайым оқиғасы тіркеліп, 1 балықшы мен 3 жас бала қайтыс болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер