Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Петропавлда декорация басып қалған қыз ауыр жағдайда жатыр

19 наурыз күні Петропавл орталығында мерекеге арналып құрылған декорация жас қыздың үстіне құлап, жедел ауруханаға жеткізілген болатын.

Сурет : www.inform.kz20 Наурыз 2018, 17:02

Петропавл қаласындағы №3 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Руслан Тасов кеше үстіне көрнекі арка құлаған қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыз есін жиған. Жуық арада консервативтік ем жасалады. Мұндай жарақат ұзақ уақыт емдеу және оңалту курсын қажет етеді. Астаналық мамандармен ақылдасып, содан соң ота жасау туралы шешім қабылдаймыз», - дейді Р. Тасов.

Оның сөзіне қарағанда, 1995 жылы туған қыздың жағдайы ауыр болғанмен, тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қыз бір айға дейін ауруханада болады. Конструкцияның құлауына күшті жел себеп болуы мүмкін.

«Мерекелік конструкциялар бетон блоктарымен нығайтылғанына қарамастан, 19 наурыз күні 12:01-де Қазақстан Конституциясы көшесіндегі көрнекі арка сол маңнан өтіп жатқан қыздың үстіне құлады. Жәбірленуші жедел ауруханаға жеткізілген. Мердігер ұйым басқа конструкциялар құламас үшін қосымша шаралар қарастырып жатыр», - дейді Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше, 19 наурыз күні Петропавл орталығында мерекеге арналып құрылған декорация жас қыздың үстіне құлап, жедел ауруханаға жеткізілген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер