Сырдария өзені арнасынан асып, тас жолды су алып кетті

stan.kz stan.kz
Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 3,5 шақырым аумақты су алып кеткен.

Сырдария өзені арнасынан асып, Жалағаш – Жосалы тас жолы аумағын су алып кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

21 наурызда Қармақшы ауданы Қызылтам ауылының маңындағы аумақы су алған.

Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 3,5 шақырым аумақты су алып кеткен.

«Ұзындығы 3,5 шақырым болатын аумақты су алып кетті. Жергілікті билік су басқан аумақты жапты. Қазіргі уақытта көліктер айналма жолмен қатынауда», – деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.

Су басқан аумақта суды ағызу және тас жолды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп, инертті заттармен толтырылған 1500 қап төселді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз