Қазақстандықтар таксимен жүруді сиретті

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Жеке таксилер мен такси парктерінің табыстары бір жылдың ішінде бірден 30,8%-ға, 175,8 млн теңгеге қысқарған.

Қазақстандықтар такси қызметін аз қолданып, қоғамдық көліктермен көбірек жүруді жөн көретін болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Салыстырмалы түрде автобустардың жолаушы тасымалдауы жылына 1,2%-ға артқан, ал экологиялық троллейбустар былтырғымен салыстырғанда 28,6%-ға көп адам тасымалдаған.

2 айдың ішінде такси жүргізушілері 615 миллион жолаушыны тасыған - бұл өткен жылдан 0,7%-ға аз. Осылайша, статистика комитетінің дерегі бойынша әрбір еңбекке жарамды қазақстандық күн сайын орта есеппен таксимен 1,2 сапар жасайды.

Тасымалданған жолаушылар санының азаюына қарамастан, жолаушылар айналымы бір жылдың ішінде 68% -ға, 11,4 млрд жолаушы-шақырымға артты.

Жеке таксилер мен такси парктерінің табыстары бір жылдың ішінде бірден 30,8%-ға, 175,8 млн теңгеге қысқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз