Жаңалықтар тізбегі
0

Кемеровада өрттен қайтыс болғандар арасында павлодарлықтар бар

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 20:34 Baq.kz
Бұл қайғылы ақпаратты қаза тапқандардың туған-туысқандары мен таныстары растады.

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде болған алапат өрт павлодарлықтардың өмірін жалмады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Бұл қайғылы ақпаратты қаза тапқандардың туған-туысқандары мен таныстары растады.

«Сауда үйінде Павлодар қаласының №16 лицейінде оқыған әпкемнің кластасы да көз жұмды. Наталья Устинова оқуын үздік тәмамдады. Ол жат жерде 4 жасар қызы Ульяна Устиновамен бірге ажал құшты», - дейді Вероника Гончарук.

Бүгінгі таңда Наталья мен Ульяна Устиновалар сауда үйінде қайтыс болған және табылғандардың тізімінде болғаны белгілі.

Айта кетейік, төтенше оқиға кезінде 57 жасар Павлодар тұрғыны, Наталья Устинованың анасы Марина Баранова да қайтыс болды. Азамат еңбек демалысына Кемерово қаласына қыдырып барған. «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің қызметкерінің үш немересі де көз жұмды.

Еске сала кетсек, осыдан екі жыл бұрын Францияның Ницца қаласында болған терактіде де павлодарлық отбасы қара жамылған болатын. 50 жасар Любовь, 33 жасар Марина мен үш жасар Сильвия лаңкестік әрекеттің құрбаны болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: