Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскемендіктерге робот ота жасай бастады

Сәтті өткен отаны облыс әкімі Даниал Ахметов те сырттан бақылап тұрды.

Сурет : ҚазАқпарат27 Наурыз 2018, 17:18

Өскемен қалалық №1 ауруханада ота жасайтын робот сынақтан өтті. Соңғы үлгідегі ота жүйесін Италиядан арнайы шақырылған профессор Стефано Джидаро іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италияндық маманның басқаруымен «оташы робот» 50 жастағы әйелдің өт қабын сылып, алып тастады. Стефано Джидароға былтыр Милан қаласында біліктілігін арттырған Нартай Тураханов пен Ринат Мұздыбаев ассистент болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов аталмыш роботтың көмегімен күніне 2-3 ота жасалатынын айтады. Сәтті өткен отаны облыс әкімі Даниал Ахметов те сырттан бақылап тұрды. Ол Шығыс Қазақстанның алдағы 3 жылда медицина саласындағы көшбасшы өңірге айналатынын атап өтті.

Өңірде Роботтандырылған хирургия және трансплантология орталығы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ашылып отыр.

«Бұл орталықты ашудағы басты мақсатымыз - емдеу және диагностикалау тәсілдерін жетілдіріп, инновациялық технологиялар енгізу. Барлық жұмыс Алматы және Астана қалаларындағы ұлттық ғылыми орталықтардың қатысуымен жүзеге асады» - дейді Даниал Ахметов.

Италияндық маманның бірнеше күндік сапары барысында жергілікті хирургтар бауыр жылауығын, ішкі жарықтарды және соқыр ішекті алып тастау, өт қабын сылу сияқты оталарды роботпен жасауды үйренбек.

Жергілікті хирургтар италиялық компания мен басқарманың арасындағы қондырғы жеткізу келісімі аясында оқытылмақ. Яғни, мамандардың біліктілігін арттыруға қосымша шығын кетпейді.

«Бұған дейін аталмыш аурухананың 4 маманы Миланда 2 апталық курстан өткен болатын. Келісімшарт аясында тағы 4 маманды оқыту жоспарланып отыр» - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Стефано Джидаро роботтандырылған ота жүйесін жасауға өмірінің 8 жылын арнаған екен. Осы тақырыпта 12 ғылыми еңбек жазыпты. Соңғы 2 жылын Еуропа мен Азия елдерінің мамандарына аталмыш технологияны үйретуге арнап келеді.

Хирургиялық ота бөлімінің меңгерушісі Сергей Белыхтың айтуынша, робот жұмысынан ақау шыққан жағдайда дәрігер отаға тікелей араласа алады.

Аталмыш жүйе жалпы хирургия, урология, гинекология және кеуде бөлігінің хирургиясы салаларына арналған. Ауруханада жыл аяғына дейін бүйрек алмастыру отасын жасау жоспарланған. Орталық оған қажет құралдармен толықтай жабдықталған. Соңғы 2 жылда аурухананы технологиялық тұрғыдан жетілдіру үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер