Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада автотұрақ ақысын төлемеушілердің тізімі құрыла бастады

Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам жүргізуші өз көлігін қойған.

Сурет : Вnews.kz28 Наурыз 2018, 10:33

Көлік иелері автотұрақ ақысын төлемеген көлік құралдары нөмірлерінің тізімі күн сайын жаңарып отырады, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Автотұрақ ақысын төлемеуге қатысты құқық бұзушылықтардың оқиғаларымен https://2888.kz/kz/ сайтында танысуға болады.

Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам көлік басқарушы өз көлігін қойған. Олардың басым бөлігі ақылы автұрақтың белгісін елемей, автотұраққа көлігін қойған уақыты үшін ақы төлемепті.

"ҚР ӘҚбК-нің 597 "Тоқтау және көлік құралдарын тұраққа қою" бабы бойынша автұрақ ақысын төлеуден жалтарғандар 3 АЕК көлеміндегі айыппұлға кесіледі. Бір жыл ішінде аталмыш құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда төленетін айыппұлдың көлемі 5 АЕК-ке дейін артады. 2018 жылы 1АЕК мөлшері 2405 теңгені құрайды", - делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұрақта 487 орын бар. Мұнда 12 паркомат жұмыс істейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер