Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда ол көршісінің үйіне белгісіз тұлғалар қарақшылық шабуыл жасағаны туралы көрсеткен.

Сурет : otyrar.kz28 Наурыз 2018, 13:28

Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы беттеріне бетперде киген белгісіз тұлғалар үйге кіріп, үй иесінің, сондай-ақ әйелі мен балаларының аяқ-қолдарын байлап, ұрып-соғып, ақша мен алтын бұйымдарын алып, белгісіз бағытқа бой тасалағанын анықтады. Жәбірленуші үй иесі алған дене жарақаты салдарынан ауруханаға түскен, деп жазады otyrar.kz.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу нәтижесінде күдікті ретінде қылмыстық топ анықталып, ұсталды. Олар Шымкент қаласының 1982, 1986, 1989 және 1990 жылғы тұрғындары. Қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Қалған екеуі іздестірілуде. Күдіктілер бұрын-соңды сотты болған.

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің тергеушілері тергеу барысында ұсталған күдіктілердің өткен жылдың аяғында Мақтарал ауданында орын алған қарақшылыққа қатысы бар екендігін дәлелдеді. Полицейлер осы қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қарақшылық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер