Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралайды

Халық қалаулары сәуірдің алтысына дейін облыс орталықтары, қалалар мен ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру жұмыстарымен айналысады.

Сурет : Хабар 2428 Наурыз 2018, 14:58

Парламент депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін бүгіннен бастап аймақтарды аралайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы таңертең Мәжілістің жалпы отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Халық қалаулары сәуірдің алтысына дейін облыс орталықтары, қалалар мен ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Өңірлерден оралғаннан кейін депутаттық корпус әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмысты бастайды.

- Біздің ең негізгі мақсатымыз – Президенттің бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әр отбасына жеткізу. Сонымен бірге заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіру, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер