Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ҚР ІІМ вице-министрі Семейдегі су тасқыны жағдайымен танысты

Осы уақытқа дейін Түйемойнақ аралы ауданынан 97 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сурет : ҚазАқпарат28 Наурыз 2018, 16:43

Семейде мұз кептелісінің салдарынан Ертіс өзені арнасынан шығып, тұрғын үйлерге қауіп төндіруде. Осыған байланысты құрылған жедел-штаб мүшелері аймақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейге арнайы келген ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин, қала әкімі Ермак Сәлімов, облыстық ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров және Ертіс бассейндік инспекциясының өкілдері тікұшақпен Ертіс өзені қауіп төндіруі мүмкін аумақтарды аралады. Нәтижесінде мамандар өзенде кептеліп қалған сеңді жасанды жолмен жару керектігін шешті. Қазір аталған жұмыстар қолға алынуда.

Осы уақытқа дейін Түйемойнақ аралы ауданынан 97 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 6 адам үйлерін тастап кетуден бас тартқан. Қазір эвакуацияланған тұрғындар қаладағы екі қонақүйге орнастырылуда.

«Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен сөйлестік. Қажет болса медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі. Зардап шеккендерге ыстық тамақ берілуде. Түйемойнақ аралы ауданында тұратын тұрғындардың тізімін анықтап жатырмыз. Оқиға орнында қала әкімі мен төтенше жағдай басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жағдай жергілікті билік өкілдерінің бақылауында. Азаматтық қорғаныс қызметтері толықтай дайын», - деді Семей қалаcы әкімінің азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі көмекшісі Берік Түсіпов.

Айта кетейік, бүгін таңертең Ертіс өзені деңгейінен көтеріліп, жағалауға жақын аудандар мен кенттерге қауіп төндірген еді. Қазір жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімдерінің барлық күштері су басқан Түйемойнақ аралы ауданындағы «Қыран ұясы» және «Биологиялық орталыққа» дейінгі жолдың бойында алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Оған 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Түйемойнақ аралына апаратын жолға жол-патрульдік полициясының бекеті қойылды. Полицейлер аралда тұрмайтын тұрғындарды ол жаққа жібермейді. Су деңгейі бақыланып отыр. Сондай-ақ, қалалық Төтенше жағдайлар қызметкерлері су басу қаупі бар Шығыс, Мирный кенттеріндегі үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер