Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастады

Тәжірибеге қатысқан қаладағы 27 мектептен 85 мұғалім қайта дайындық курсынан өтті.

Сурет : Хабар 2429 Наурыз 2018, 09:00

Алматы мектептері халықаралық стандарт бойынша білім бере бастады. Өткен жылы күзде қолға алынған пилоттық жобаға химия, физика, информатика және биология пәндері енгізілген, деп хабарлайды Хабар 24.

Тәжірибеге қатысқан қаладағы 27 мектептен 85 мұғалім қайта дайындық курсынан өтті. Қазір сол білім ошақтарында сегізінші сыныптан бастап жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылып жатыр. Басты мақсат оқушылардың әлемдік деңгейде білім алуына мүмкіндік жасау. Осы мәселеге орай республикалық семинар өтті. Онда ұстаздар жобаның артықшылығы мен кемшін тұстарын талқылап, арнайы шақырылған сарапшылардың пікірлерін тыңдады.

- Республика бойынша пилотқа қатысып отырған мектептің мұғалімдерінің қорытындысын, нәтижелерін және осы арада қандай проблемалар бар, оны қалай шешіп жатырмыз сондай іс-тәжірибемен бөлісу, - деді Алматы қаласы білім басқармасының бас маманы Қарлығаш Әбдіманапова.

- Қазіргі таңда ағылшын тілінде шығатын ғылыми кітаптардың тілі өте күрделі. Оны оқушылар түсіне алмайды. Ал халықаралық мамандардың ұсынған жаңа оқулықтарында графика, сурет және тағы басқа да қосымшалар бар. Сөйлемдер қарапайым сөздерден құрылған. Бұл қазақстандық оқушылар үшін ыңғайлы болады деп ойлаймын, - дейді Кембридж университетінің сарапшысы Боб Оби.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер