Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Кемеровада фотоға түсіретін жігіт 30 баланы құтқарып қалған

Ол қасындағы газға қарсы киетін ойыншықты киіп алып, балаларды түтіннен қорғайды.

Сурет : Baq.kz29 Наурыз 2018, 09:37

Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрт кезінде Евгений есімді фотоға түсіретін жас жігіт 30 баланы құтқарып қалған. Бұл туралы оның өзі «Комсомольская правда» басылымына айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Евгенийдің айтуынша, оның фирмасы кинозалға жақын орналасқан алаңда балаларға арналған мерекелік кештерді ұйымдастыратын болған. Өрт шыққанын алғашқылардың бірі болып байқайды. Ол қасындағы газға қарсы киетін ойыншықты киіп алып, балаларды түтіннен қорғайды.

Ол балаларға арналған шараларды жақсы ұйымдастыра алатын болғандықтан, өртеніп жатқан залдан балаларды құтқару есігіне қарай тез алып шығады. Бірақ Евгений басқа залдарда балалар қамалып, үлкендерсіз қалды деп ойламаған.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы ресми мәліметтерге сәйкес 64 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Кемеровода митинг болып, тұрғындар облыс басшысының отставкаға кетуін талап еткен-ді. Кеше Ресей қара жамылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер