Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының әкімі тағайындалды

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Сурет : weproject.kz29 Наурыз 2018, 10:34

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Астана қаласында жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлады Zakon.kz Астана қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимовтың кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамыздағы Целиноград қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

Білімі: «Экономист, заңгер», Астана қаласының Басқару институтында 2003 жылы, Қазақстан-Ресей университетінде 2007 жылы білім алған.

Қызмет жолы:

12.09.2003 – 05.01.2005 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы.

05.01.2005 – 18.08.2005 «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі.

18.08.2005 – 01.02.2006 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы.

01.02.2006 – 01.10.2007 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі.

27.09.2007 – 01.10.2009 Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.

02.10.2009 – 12.08.2013 Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

12.08.2013 – 03.08.2015 Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры.

03.08.2015 бастап «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

Мемлекеттік марапаттары:

2005 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.

2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.

2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалі.

«10 жыл Астана» мерекелік медалі 2008 жыл

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі.

2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік силығы «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Үйленген, төрт баласы бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер