Екі баланың анасы: Күйеуім Байзакова үшін Алматыға кеткелі жатыр

kaz.tengrinews.kz kaz.tengrinews.kz
26 жастағы әйел күйеуімен 6 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрып келе жатқан көрінеді.

Желіде екі баланың анасы атышулы Айжан Байзақовадан шаршағанын айтып көмек сұрады. Келіншектің күйеуі күні-түні блогердің суреттері мен видеоларын ашықтан ашық қарап отырады екен. Бұл туралы sn.kz басылымы жазды.

26 жастағы әйел күйеуімен 6 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрып келе жатқан көрінеді. «Отағасының табысы да тәп-тәуір» - дейді хат иесі.

«Мен әбден шаршадым Байзақовадан. Күйеуім ашықтан ашық оның суреті мен видеосын қарайтын болды. Не істерімді де білмей қалдым. Күнде жылаймын. Жасым – 26-да. 2 баланың анасымын. Күйеуімнің табысы жақсы. Жақында сол Байзақованы көру үшін Алматыға жол жүргелі отыр. Көмектесіңіздер маған, өтініш. Өзімді қалай ұстасам болады?», – деп келіншек көптен көмек сұрады.

Әйелдің Instagram-дағы бұл жазбасын Айжан Байзақованың өзі көшіріп, өзінің telegram-парақшасына салған.

«Күйеулеріңізге айтыңыздар, басты қатырмасын. Болды. Алматыға қалай келеді, солай кері кетеді. Мені көре алмайды. Сосын үйге оралған жарыңызды қайта кіргізбеңіздер», – деп жазды Байзақова.

Желі қолданушылары да келіншекке: «Уайымдамаңыз. Өзіңізге оралады күйеуіңіз» деп жан-жақтан басу айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз