Семейде тағы 75 адам қауіпсіз жерге көшірілді

29 Наурыз 2018, 15:57
Сурет: Хабар 24

Семейде тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Тасқын су Пристань ауданы мен Бобровка елді мекеніне жақындады. Екі аудан бойынша 75 тұрғын, оның ішінде 12 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Су басқан аймақтарда жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері бар.

Еске сала кетейік, Ертіс өзенінде мұз кептелістерін жою шаралары жүргізілді, қазір басқа да су басу қаупі төніп тұрған аумақтарды анықтау үшін аймақтар жоғарыдан бақыланып жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?