Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде терроризмге қарсы күрес жұмыстарына 270 миллиард теңге бөлінеді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2018 23:38 Baq.kz
Бұл бағдарламаның мақсаты - адамның, қоғамның және мемлекеттің діни экстремизм көріністері мен лаңкестік қауіп-қатерлерінен қорғалуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекітті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдайды», - делінген құжатта.

Үкімет қаулысына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 15 наурызда қол қойды, ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Бұл бағдарламаның мақсаты - адамның, қоғамның және мемлекеттің діни экстремизм көріністері мен лаңкестік қауіп-қатерлерінен қорғалуын қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсаттары - қоғамда радикалды идеологияға иммунитет қалыптастыруға; республика халқының радикализациясына сыртқы факторлардың әсерін азайту; діни экстремизм мен лаңкестік фактілерін анықтау мен жолын кесу тиімділігін арттыру, соның ішінде арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету; діни экстремизм мен терроризм актілеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою.

Бес жыл бойы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бастапқыда 286,9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Соңғы нұсқа бойынша, оны жүзеге асыру үшін 270,1 млрд теңге бөлінетін болды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 209,3 миллиард, жергілікті бюджеттен - 60,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру сомасы тиiстi кезеңдерде айқындалатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: