Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымның ғылыми мұрасы зерделенді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2018 23:43 Сурет: zakon.kz
Алқалы жиынға отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

«Ұлы Даланың тілдік және рухани кеңістігі: өткені мен бүгіні». Бүгін осындай атаумен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Басқосу Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейілбек Исаевтың 80-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Алқалы жиынға отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференция жұмысы «Тарихи-мәдени даму үдерісіндегі ұлттық тіл», «Қазіргі тілдік ахуал және Қазақстан мен әлемдегі тіл саясаты», «Жаһандану жағдайындағы қазақ, орыс, әлем әдебиетінің мәселелері», «Оқу орындарында мемлекеттік тілде кәсіби білім берудің өзекті мәселелері» және «Әлемдік рухани құндылықтар – мәдениетаралық ықпалдастықтың негізгі көзі» атты секциялар бойынша жүргізілді.

Басқосуды Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова ашып, ғалымның ұлт әдебиетін дамытуда атқарған ауқымды істеріне тоқталды.

– Тағылымды ғалым, тәлімді ұстаз, білікті басшы ретінде Сейілбек Мұхамеджарұлы бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп, елімізде тәжірибелі тілші ғалымдар мектебін қалыптастыра алды. Ғалымның Ғылым академиясының Тіл білімі институтынан басталған еңбек жолы мен жеткен биік белесі шәкірттері мен өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Сейілбек Исаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі республика көлемінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де белгілі. Түп-тамырымыз саналатын ұлт әдебиетін зерттеп, зерделеуде оның еңбегі айрықша екенін атап өткен абзал. Зиялы қауым Сейілбек Исаевты мемлекеттік идеологияны негіздеуде ұлтқа қызмет етудің соны үлгісін көрсеткен азаматтардың бірі ретінде бағалайды. Өйткені, ғалымның саналы ғұмырының мазмұнды кезеңдері, өнегелі өмірінің парасатты беттері ғылым саласындағы іргелі ізденістермен өрнектеліп, бүгінгі қазақ тіл білімі саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра білді, – деді Г. Алдамбергенова.

Жиын барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Ө. Айтбайұлы «С.М. Исаев – қайраткер, ғалым, ұстаз», тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Құдайбергенов «Зерделі ғалым, ұлағатты ұстаз», филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Сағындықұлы «Түркі тілдеріндегі табыс септік жалғауларының формалары қалай пайда болған?», филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Қосымова «Профессор С. Исаевтың оқу-әдістемелік бастамаларының бүгінгі жаңартылған білім мазмұнында жаңғыруы», Жапониядағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері М. Андасова «Анализ произведений древней японской литературы», түркиялық ғалым Тургай Дүйен «Қазақстандағы тіл және әліпби мәселелері» және филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Сүлейменова «Халқының адал перзенті» тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ, Р. Зәйкенова. Б. Момынова. Т. Ермекова. А. Сатбекова. А. Зейнуллина. Ы. Шақаман. Г. Құсманова. Г. Абдирасилова және Ж. Отарбекова сынды ғалымның шәкірттері С. Исаев жайында естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, конференция аясында ғалымның жеке сайтының ашылу рәсімі де ұйымдастырылды. Онда С. Исаевтың қазақ тілінің тарихы мен қазақ әдеби тілі тарихы мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері топтастырылған.

Айта кетейік, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі ғалым Сейілбек Исаев 1938 жылғы 13 наурызда Омбы облысы, Называй ауданының Күреңайғыр ауылында дүниеге келген. 1962 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Филология факультетін үздік бітіреді.

Алғашқы еңбек жолын Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының Қазіргі қазақ тілі теориясы бөлімінде ғылыми қызметкер болып бастайды. Осы институтта жүріп ол түрлі ғылыми жинақтар қүрастыруға, «Қысқаша этимологиялык сөздікті» түзуге, «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» секілді сүбелі ұжымдық еңбекті жазуға белсене араласады. 1966 жылы «1920-шы жылдардағы мерзімді баспасөз тілі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Әр жылдары факультет деканы, кафедра меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры қызметтерін абыроймен атқарды.

Сейілбек Мұхамеджарұлы – ұйымдастырушылық, педагоггік, қоғамдық қызметті ғылыммен шебер ұштастыра білген үлкен ғалым. Күнделікті қат-қабат әкімшілік жұмыстар мен қым-қуыт қыруар тірліктің қайнаған ортасында жүрсе де, ол бойына біткен ізденгіштік, еңбекқорлық қасиеттерінің арқасында бір сәт те ғылымнан қол үзген емес. Оның қаламынан туған 200-ге тарта ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-көпшілікке арналған еңбектері көтерген проблемаларының өткірлігімен, нақтылығымен, сонылығымен ерекшеленеді. Оның ішінде ғалымның көп айналысқан саласының бірі – қазақ тілінің тарихы мен қазақ әдеби тілі тарихы мәселелері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: