Павлодарда шылым тұқылы ер адамның ажалына себеп болды

Рavlodarnews.kz Рavlodarnews.kz
Өрт сағат 05.52-де ауыздықталып, сағат 06.13-те толығымен сөндірілген.

Павлодарда Қамзин көшесі, 62 көшесі бойындағы тоғыз қабатты үйдің ұстаханасынан өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Жалын алты шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 54 жылғы ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына шылым шегу себеп болған. Өрт салдыранын сыртқа 20 адам шығарылды. Оның жетеуі – балалар, - деді департаментте.

Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен алты техника, тергеуге дейінгі жедел топтан үш адам мен екі техника жұмыс істеген.

Өрт сағат 05.52-де ауыздықталып, сағат 06.13-те толығымен сөндірілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз