Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Даниал Ахметов: "Халық қалаулылары бірінші кезекте халықпен бірге болулары керек"

ШҚО әкімі тасқын судан зардап шеккен семейліктермен кездесіп, олардың үйлерін аралап көрді.

Сурет : Вnews.kz2 Сәуір 2018, 09:54

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тасқын судан зардап шеккен семейліктердің үйлерін аралап, өздерімен кездесті. Адами фактор салдарынан болған бұл жағдайды қазіргі таңда прокуратура тексеріп жатқандығын, барлық шығынды, үйді жөндеу, жарамсыз болса, сатып алу мәселесін мемлекет өз мойнына алатынын жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

Наурыздың 9-нда басталған табиғаттың тосын мінезімен күрестің шығыны бүгінде Шығыс Қазақстанда 2 млрд 205 млн теңгені құрады. Бұған тағы Семейде болған төтенше жағдай қосылды. Жалпы бүгінде бұл шаһарда 300-ге тарта тұрғын және 500-ден аса бау бақша үйлерін су алған. Халых үш қонақ үй мен мектептерге эвакуацияланды. Келтірілген зардап көлемін құрылған арнайы комиссия есептеп жатыр.

Облыс әкімі тікұшақпен апат аумағын айналып өткеннен кейін, алдымен Мирный шағын ауданындағы жағдаймен танысты. Халыққа апаттың орын алу себебін түсіндірді.

"Су қайдан шықты? Шүлбі су қоймасынан ақырғы үш күннің ішінде секундына 1800 куб метрді құраған су келді. Анықталғандай, биыл өткен жылмен салыстырғанда наурыз бойы аталған су қоймадан жіберілетін судың мөлшері анағұрлым төмен болған. Су тола бастаған соң, нормадан үш есеге дейін артық көлемді құраған суды жіберген. Оның соңы Семейдегі төтенше жағдайға алып келді. Су ресурстары комитетінің басшысы қазір осында. Барлық әкімшілік шаралар қолданылуда. Кімнің ісіндегі салғырттық екені анықталды. Осы мәселемен қазір прокуратура айналысуда", – деді Даниал Ахметов.

Кемежай, Затон аумақтарындағы топан судан зардап шеккен үйлерді тұрғындарымен бірге аймақ басшысы Даниал Ахметов 3 сағат бойы аралады. Әрбіріне жеке-жеке "шығын өтеледі, үй жөнделеді" деп жете түсіндірді. Тілсіз жаудың өтінде қалған Краевая көшесі 38Б үйдің иесі - №18-мектеп мұғалімі Медет Токтаровтың құрылысы толық бітпеген баспанасына берілер метариалдық көмекке күдігі бар еді. Бірақ, облыс әкімімен кездескеннен кейін бар уайымым сейілді деп отыр.

"Көріп тұрсыздар, көмек көп керек. Облыс әкімі барлық жөндеу жұмысын мемлекет қаржысына жасап береміз деді. Көз алдымда арнайы тапсырма берді. Көңілім орнына түсті", - деген ұстаз ризашылығын білдірді.

Десе де, кей тұрғындар баспаналарын тазалау ісіне асығар емес, оған себеп бағалаушылар келмей ешнәрсеге тиіспеу керек деген алып-қашпа сөз. Бұның рас-өтірігін сұраған осы көшедегі 55 үйдің тұрғыны, үш баланың анасы Бақытгүл Ертаеваға облыс әкімі комиссияның шығынды бағалау жүйесіне оның еш қатысы жоқ екенін айтты.

"Үйді тазалауды бастаңдар. Комиссия келмей үйге кірмеу керек деген бос сөзді қою керек. Сөз береміз, үйді жөндейміз. Шыққан шығынды толық өтейміз. Бүгіннен бастап комиссия үйді-үйді аралап жүр. Оларға зардап тиген барлық дүние-мүлік тізімін, басқа да шығындарды жеткізу керексіздер. Мен бірер күнде қалаға тағы да келемін", - деді Даниал Ахметов қала әкіміне.

Осылай әр тұрғынның өтінішіне құлақ асқан аймақ басшысы әкімдік алдында галстук тағып өзін күтіп тұрған депутаттарға белсенді болу керектігін айтты. Расымен, әкіммен бірге халық арасында бұл күні тек бір депутат - Әсемхан Досқұжанов қана жүрді. Ол міндетіне Сәтпаев көшесіндегі терезелері сынған үйлерді қалпына келтіру, оған қоса, су алған үйлерге жөндеу жүргізу ісін алды.

"Халық қалаулылары бірінші кезекте халықпен бірге болулары керек", - деген Даниал Ахметов Семей әкімі Ермак Салимовқа қоғаммен бірге етене жұмыс істеуді тапсырды.

1 сәуірден бастап зардап шеккен үйлерге отын-су, киім-кешек, азық-түлік жеткізу жұмыстары басталады. Жалпы шығынды өтеу үшін қаланың төтенше жағдай қорындағы қаражат пен бүгін облыс әкімі бөлген 70 млн теңге жұмсалады.

Айта кету керек, ҚР су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев халыққа қаладағы Ертіс өзені жағалауларын бекіту жұмысын бастау үшін биыл тамыз айына дейін жобалық-сметалық құжаттамалар дайын болады деп уәдесін берді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер