Мүгедектік алған әзілкеш Бауыржан Ибрагимов жақын арада татамиге шығуы мүмкін

2 Сәуір 2018, 15:19
Сурет: Тoday.kz

Қазақстандық әзіл-сықақшы Бауыржан Ибрагимов сахнадан алыстап кеткенімен, жақында татамиге шығуы мүмкін. Себебі әртіс қазір спортпен белсенді айналысып жүр. Бұл туралы Бауыржан Ибрагимовтың өзі "Хабар" арнасында тұсауы кесілген "Таңғы хабар" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Жас кезімнен спортпен шұғылдандым. Ауылда жүргенде атқа мініп, көкпар шаптық. Алматыға оқуға түскеннен кейін, менің алдымда Бақытжан деген ағам бар. Ол спорт шебері еркін күрестен. Сол мені қоймай күреске алып барды. Сөйтіп Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аманжол Бұғыбаевтың қолында біраз тренировка жасадым", – деді Бауыржан Ибрагимов.

"Сізді рингтен, татамиден көріп қаламыз ба болашақта?" деген телжүргізуші Нұрсұлтан Құрманның сұрағына сықақшы Ибрагимов "бәрі де мүмкін" деп жауап берді.

"Бір нәрсе бір нәрсеге сеп болып жатады ғой. 2002 жылы мойнымнан грыжа шығып, Серік Ақшолақов операция жасаған болатын. Өте ауыр операция болды...Содан кейін сол ауруханадан мүгедектік берген", – деді Бауыржан Ибрагимов.

Әртіс осы аурудан да спорттың көмегімен айыққан көрінеді.

Қазір Бауыржан Ибрагимов аптаның 5 күнін спорт залда өткізеді екен.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?