Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ағын судан тарыққан Сарыағаштық диқандар асылып өлуге дайын

Жүзімдік ауылындағы Ащысай каналын тазартуға 107 миллион теңге бөлінгенмен, оны игеретін адам табылмай жатыр.

Сурет : cdn5.img.ria.ru2 Сәуір 2018, 17:43

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы егіс алқаптары түгелдей қурап кетудің алдында тұр. Осылай деп шырылдаған шаруалар еңбегіміз еш кетеме деп уайымдауда. Өйткені, Жүзімдік ауылындағы жалғыз Ащысай каналы әлі күнге тазартылмаған, деп хабарлады TVK арнасы.

Алайда, ауыл және аудан басшылығы мәселе аса күрделі емес дейді. Айтуларынша, арықты тазартуға қазір облыс атқамінерлері араласып, ірі көлемде қаржы бөліпті. Бірақ, Сарыағашқа судың нақты қашан келетінін оларда білмейтін болып шықты.
4 мыңнан астам халқы бар Жүзімдік ауылының негізгі табыс көзі –егіншілік. Енді ағын су дер кезінде жеткізілмесе, шаруалар жыл сайынғы нәпақасынан да қағылуы мүмкін. Мәселен, Өтеген Тұрғынов егін егуді ерте көктемде бастапты. Дала жұмыстарына өз қаржысы жетпегендіктен, несие алып қызылша мен картоп отырғызған. Бірақ, мына құрғақшылықтан қарызға белшесінен батып, амалы құрып отыр. Бала-шағасымен пәтер жалдап тұратын ол мемлекеттен алған ақшасын қалай қайтарарын білмей дал болуда.

"Су келмесе не істеймін, жұрт секілді асылып өле саламыз ба, соған келіп тіреліп тұр ғой. Мемлекетке қарыз болып қалдым. Соған келе жатыр. Қолдан келетіні сол", — дейді Жүзімдік ауылының тұрғыны Өтеген Тұрғынов.

500 гектар жерге су жеткізуі тиіс арық тіршілік нәрін асыға күткен диқандарды бос үміттендіріп, шаңы бұрқырап пайдасыз жатыр. Арықтың адам шошырлық жағдайынан ауыл әкімі де хабардар. Бірақ, Оразалы Смаилов қолынан ештеңе келмейтінін ашып айтты. Өйткені, каналды тазартуға қаржы облыстан қаралған. Дегенмен, ауыл әкімі ақша бөлінгенмен арық мәселесін түбегейлі шешу мүмкін емес-дейді.

"Бұл бір жылдық нәрсе, биыл қазсақ, келер жылы тағы толып қалады. Сөйтіп, мемлекеттен бөлінген ақша талан-тараж болады", — деп түсіндірді Жүзімдік ауыл округінің әкімі Оразалы Смаилов.

Бөлінген ақшаның ауаға ұшып жатқанын ауыл тұрғындары жақсы біледі. Айтуларынша, проблема жыл сайын қайталанады. Бірақ, билік басындағылар бұған бас қатырмайды дейді.

"Ал, мына арықты 100 миллион бөліп қазады. Ендігі жылы тағы осындай болады. Біз 100 миллион теңгені жерге көміп тастап жатырмыз. Соның орнына 3 трактор сатып алса, өзіміз қазып, тазартып отыратын едік", — деп ашынды ауыл тұрғыны Босымбай Асылбаев.

Жүзімдік жұрты шырылдап, кімнен көмек сұрарын білмей жатқанда, аудан басшылығы облыстан 107 миллион теңге бөлінгенін айтып мақтанды. Тек тазалау жұмыстары қашан басталатынынан бейхабар. Ақшаны игеруге байқау жарияланғанымен жеңімпаз анықталмаған. Сондықтан ауыл шаруашылығының дамуына жауапты атқамінерлер дихандар дау көтермей, сабырлық танытсын деп отыр.

"Біздің қатысымыз жоқ. Конкурс облыста өтеді. Мамыр айына дейін су жететін шығар. Ол кезде кеш болады. Бірақ, жеңімпаз осы аптада анықталып қалатын шығар", — дейді Сарыағаш ауданы ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ергеш Әбішев.

Осылайша, ауыл әкімі ауданға, аудан облысқа сілтеп мәселе ашық күйінде қалды. Сондықтан, Жүзімдік ауыл округіндегі шаруалардың жайы не болары белгісіз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер