Алматы облысында жаңа аудан құрылды

3 Сәуір 2018, 10:10
Сурет: Kursiv.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz.

Төменде «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Жарлығының мәтіні келтірілген.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес:

Алматы облысынан Райымбек ауданын бөлу арқылы әкімшілік орталығы Кеген ауылы болатын Кеген ауданы мен әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктерін құруға;

Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдауға;

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін деп қаулы етемін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?