Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Білім министрлігі ағылшын тілінде өтетін ҰБТ-ны түсіндірді

Биыл мектеп түлектері ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік алып отыр.

Сурет : matritca.kz3 Сәуір 2018, 14:54

Ұлттық бірыңғай тестілеудің ағылшын тіліндегі сұрақтары дайын. Ағылшынша сұрақтар қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалардан ерекшеленбейді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вице-министр әзірге республика бойынша қанша түлек ағылшын тілінде ҰБТ тапсыратыны белгісіз екенін мәлім етті.

"Сіздер білесіздер, ережеге сәйкес бізде база 10 наурыздан бастап ашылады. Мамыр айының ортасына дейін түлектер ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш бере алады. База енді ашылғандықтан қанша бала ағылшын тілінде тапсыратынын айта алмаймыз. Оқушылар саны мамыр айында белгілі болады", — деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, ағылшын тілін 2000-шы, 2007-шы жылдардан бері білім беруді ағылшын тілінде жүргізіп жүрген мектептердің түлектері таңдауы мүмкін.

"Ағылшын тілінде сұрақтар базасын дайындап қойдық. Министрлік те, ұлттық тестілеу орталығы да ҰБТ-ны жоғары деңгейде өткізуге дайын. Ағылшын тіліндегі барлық сұрақ мемлекеттік стандарттың оқу бағдарламасы аясында. Сұрақтар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болсын, мазмұны бойынша бір-бірінен ерекшеленбейді", — деді вице-министр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер