Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді

Екі әнші “Алтыным” әнін шырқады.

Сурет : Stan.kz3 Сәуір 2018, 16:42

Гастрөлдік сапарға шығып, бірге ән айтып жүрген Қуандық Рахым мен Ақбота Сейітмағамбет ел алдында масқара болды, деп жазады Stan.kz.

Екі әнші “Алтыным” әнін шырқады. Бұл әнге сын айтқандар көп. Өйткені екі әнші де әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күле берді.

«Мынадай дауыспен ән орындауға болса мен де әнші болатын едім ғой», «Түк дауысың жоқ қой», «Микрофонды ұстап алып, несіне күліп тұрсың?”, «Мақпал апайымыз саханада аяғы сүрінып жатса да əнінің сөзінен бір жаңылған жоқ. Ал мынаны қарашы әні бір жақта. Өзі бір жақта» деп жазды көрермендер.

“Жарайсыңдар! Осыларға ризамын, тек қана жанды дауыста айтады!”, “Эх, адамдар-ау көре алмаушылықты қойсаңдаршы! Қазақ қазаққа жаны ашымаса ешкімнің жаны ашымайды! Қашанғы үйде отырып алып бір бірлеріңді кемсітесіңдер, əлде істерге істерің жоқ па? Қойсаңдаршы ондайларыңды неше күн қатар қатарынан концерт қою оңай ма? Осы халықтың көңілінен шықсақ, “Қазақстанның” атын əлемге танытсақ деген ниетпен жүр ғой осылай сахнада. Сіздердің əн айтпай ақ қойшы деген сөздеріңіз үшін осы кісілер əн айтпай қояды деп ойласаңыздар қателесесіздер! Сіздерге сөзім жоқ”, – деп жазады енді бірі.

Видеоны көрермендердің бірі түсірген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер