Жаңалықтар тізбегі
0

Су басуы мүмкін 27 аумақ анықталды – Астана әкімдігі

Baq.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2018 23:44 Baq.kz 
Су басуы мүмкін аумақтарға Ильинка, Көктал, Өндіріс, жаңа теміржол вокзалы, халықаралық әуежай кіреді.

Астана қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Игорь Алексеев шаһарда су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты., деп хабарлайды Baq.kz.

«Еріген қар суын өткізу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Су басуы мүмкін 27 аумақ анықталып, аталған аумақта тиісті жұмыстарды жүргізу үшін қаржы бөлу көзі нақтыланды», -деді ол.

Оның айтуынша, су басуы мүмкін аумақтарға Ильинка, Көктал, Өндіріс, жаңа теміржол вокзалы, халықаралық әуежай кіреді.

Осы орайда Игорь Алексеев қауіптің алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынғанын жеткізді.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен «Нұра-Есіл» каналына тоқталайын. Әкімдік 5,4 шақырымды құрайтын каналдың арнасын тазалау бойынша тиісті жұмысты жүргізді. Қазіргі таңда Газмашаппаратура ауданында тұрмыз. Мұнда Есілдің оң және сол салалалары бірігеді. Біз осы аумақты құммен бекіттік. Бұл 3 саяжай аумағын тасқын судан алдын алуға мүмкіндік береді. Мұндағы дамбаларға 200 метрге дейін құм төгілді. Кіші Талдыкөл көлінің аумағында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал Ильинка тұрғын үй ауданында 500 метр болатын дамба қайта қалпына келтірілді», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір қаладан 3,1 млн текше метр қар шығарылған. Әкімдік жанынан бірыңғай сall-орталығы құрылып, азаматтар өз шағымдарын 109 қызметіне айта алады.

«Қазіргі таңда азаматтардан 900 хабарлама келді. Оның 99%-і бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. 14 хабарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Игорь Алексеев.

Осы орайда ол Астана су қоймасының жұмысына тоқталды.

«Бүгінде ондағы судың көлемі 282 млн текше метр суды құрайды. Су қоймасына секундына 18 текше метр су келеді. Біз аталған жерден секундына 5 текше метр суды жіберіп отырмыз. Контрреттегіште 2,5 шақырымды құрайтын қосымша берма орнатылды. Қазіргі таңда реттегіште 2,6 млн текше метр су сақталған. Оның жобалық қуаты – 450 млн текше метрге дейін жетеді», деп түйіндеді сөзін Игорь Алексеев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: