Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымкентте балмұздақтан уланудың бастапқы себептері белгілі болды

Олардан стафилокок бактериялары табылған.

Сурет : Baq.kz3 Сәуір 2018, 17:55

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында балмұздақтан уланғандардың саны 188 адамға жетті. Бұл туралы ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Олардың 99-ы ауруханадан шығарылып, үйлеріне жіберілген, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

«Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 2018 жылдың 3 сәуіріне дейін барлығы 188 адам жиі құсу, іштің өтуі сынды белгілерімен келіп түсті. Олардың 101-і ересек болса, 13-і жүкті әйел. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі 39 бала мен 48 жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Бүгін 57 адам ауруханадан шығарылып, қалған 89-ы ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы орташа деңгейде, тұрақты. 27 науқастан сальмонеллез ауруының белгілері анықталды», - деді Мұқан Егізбаев.

Ал облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Нұрбек Нышановтың хабарлауынша, балмұздақтан уланғандардың барлығы бір сауда нүктесінде дайындалған балмұздақ жеген.

«Науқастардың Республика даңғылы бойындағы «Южное» кафесінің балмұздақ сататын киоскісінен жұмсақ құйылмалы жеміс және құлпынай дәмі бар балмұздақ жеп, құсып, іштері өтіп, медициналық көмекке жүгінген. Осылайша Шымкент жұқпалы аурулар аураханасына өткір ішек ауруы, жедел гастроэнтерит диагнозымен жатқызылған. Осы сауда нүктесінде балмұздақ сататын кәсіпкердің «Ишмуратова» ЖК деп тіркелгені анықталды. Ол балмұздақтың қоспасын үй жағдайында әзірлеп, полиэтиленді ыдыстарға құйып, сату нүктесіне жеткізілген. Балмұздақ қоспасы арнайы талаптарға сай (рефрижераторы бар) автокөлікпен емес, кәсіпкердің өз жеке көлігімен тасымалданған. Барлық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ. Тек бір ғана құрғақ сүт өніміне мерзімі өтіп кеткен құжат ұсынылды. Барлығы 5 жұмысшы еңбек етсе, оның төртеуінің міндетті медициналық байқаудан өткені туралы кітапшалары жоқ. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді және тағы басқа да кемшіліктер болған», - деді Нышанов.

Қазіргі уақытқа дейін балмұздақ қоспасы дайындалған жеке тұрғын үй мен балмұздақ сатылған киоскіден микробиологиялық тексеру жұмыстарына барлығы 25 тағам сынамалары алыныпты. Қорытындысында олардан стафилокок бактериялары табылған.

Қазір аталған нысанның жұмысын уақытша тоқтату туралы қаулы шығарылып, талап-арыз сотқа жолданылған. Сынамаларды зертханалық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Ал кәсіпкердің үстінен іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер