Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда мүгедек азаматты туған әпкесі далаға тастап кетті

Baq.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2018 17:57 Baq.kz 
62 жастағы Павлодар тұрғыны Николай Тучков бұған дейін инсульт алғандықтан, сөйлеу қабілетіне зақым келген.

Павлодарлық Людмила Перевалова пәтерінің есік алдынан мүгедек азаматты тауып алды. Мейірбан жан сөйлей де алмайтын ер адамды аяп, екі апта бойы күтім жасаған, деп хабарлайды Baq.kz.

62 жастағы Павлодар тұрғыны Николай Тучков бұған дейін инсульт алғандықтан, сөйлеу қабілетіне зақым келген. Осы жылы белгісіз біреулер оны соққыға жыққан. Отбасы, туған-туысқандары туралы сұрағанда, көзіне еріксіз жас алады. Қарияны туған әпкесі далаға тастап кетіпті.

«Үйде отырған едім. Бір мезетте ер адамның дауысын естідім. Есікті ашуға қорыққандықтан, полиция қызметкерін шақырдым. Шығып қарасақ, босағамда жарты денесі сал болып қалған ер азамат жатыр», - дейді Людмила Перевалова.

Людмила Перевалованың айтуынша, ол Николай Тучковты бір рет қызымен бірге жүргенде көріпті. Осы жолғы таныстығы ұзаққа созылды, өйткені, полиция қызметкерлері тастанды жанды уақытша қамқорлыққа алуды сұрапты. Өйткені, кезбелерге арналған әлеуметтік мекеме лық толы болған.

«Екі бөлмеде – сегіз адамбыз. Бес немерем, күйеу балам, қызым және мен тұрамын. Бірақ, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ешкімге керек болмай қалған адамды көргенде, одан бас тарта алмадым. Николайды туған қызы тастап кетті, себебі ауру адамды күтуден шаршаған», - дейді Людмила Перевалова.

Енді Николай Тучков жергілікті «Қайырымдылық үйін» паналайтын болды.

«Бұл мекемеде оның денсаулығы оңалтылып, тиісті ем-дом қабылдайды. Алайда, қандай ем алатынын әзірге білмейміз. Алдағы уақытта денсаулығын бақылап, кейін нақты шешім қабылдаймыз. Оңалту процедураларынан соң мүгедектігін ресімдейміз, жеке басының құжаттарын да дайындаймыз», - дейді «Қайырымдылық үйі» мекемесінің директоры Қанат Дүйсенахметов.

Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Рымкеш Сағынованың айтуынша, Николай Тучков толық медициналық тексерістен өткен соң, оған мүгедектік берілуі мүмкін.

Бүгінде облыстық қарттар үйінде 300-ге жуық жалғызбасты қарт пен мүгедек жандар тұрады.

Ақмаржан Әділбек

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: