Жаңалықтар тізбегі
0

«Qazaqstan» телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

kostanaytv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2018 22:01 kostanaytv.kz
Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы 1978 жылы 29 қарашада Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне Еркін Мұхамеджанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еркін Таңатқанұлы бүгін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды», - деді «Қазақстан» РТРК»АҚ баспасөз қызметінен.

Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы 1978 жылы 29 қарашада Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс тілшісі болып бастап, жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.

2006 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы, тілшілер бөлімінің тілшісі, «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі, Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры, Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы эфирді талдау және мониторинг жасау бөлімінің бастығы болды. «Хабар агенттігі» АҚ-ның бас редакторы қызметін атқарды. 2017 жылдың наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры болып тағайындалған.

Бірнеше марапаттаулар, алғыс хаттар және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік наградасының иегері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: