Жаңалықтар тізбегі
0

Бөрлі ауданындағы сауда орталықтарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 19:38 Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі
Қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынады.

Ресей қаласы Кемеровадағы болған жантүршігерлік оқиға 64 адамның өмірін қиса, соның 41-і балалар. Бірқатар адам зардап шекті. Тергеу нәтижесінде өрт басталғанда дабыл беру жүйесі өшірулі болғанын, қауіпсіздік ережелері сақталмағаны анықталды. Осы жантүршігерлік оқиғаға қатысты күдіктілер ұсталғанымен, арты орны толмас өкінішке әкелді. Оқиғаның орын алуынан кейін Премьер-министрдің Үкімет отырысында Ішкі істер Министрлігі мен өртке қарсы қызметтерге барлық сауда орталықтарын тексеру жүргізіп, қажетті шараларды қабылдауды тапсырған болатын.

Аудандық әкімдікте аудан әкімі Алдияр Халеловтың төрағалығымен кездесу өткен жиында Ақсайдағы сауда орталықтары мен адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі талқыланды. Жиынға ауданның ірі бизнес мекемелері, сауда орталықтары мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты, деп жазады zakon.kz.

- Қауіпсіздіктің басты мақсаты - нысандарда қауіпті оқиғаларды болдырмау және апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Сондықтан бүгінгі жиынға қатысып отырған әрбір сауда немесе бизнес орталығы, мектеп басшылары және әрқайсымыз ең бірінші адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін есте сақтауымыз керек, - деді Бөрлі ауданынның әкімі Алдияр Халелов.

Бүгінде Ақсай қаласында 20 мейрамхана, 11 сауда, ойын-сауық орталығы, 3 медициналық мекеме, 8 мектеп, 8 балабақша жұмыс жасайды. Айта кету керек, облыс басшысының тапсырмасына сай өңірде адам көп шоғырланатын жерлер бақылауға алынатын болады. Қазірдің өзінде тиісті тексерістен өткізу жұмыстары басталып та кеткен. Қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл да салынатын болады. «Кемереводағы төтенше оқиғадан сабақ алуымыз керек», - деді жиынға қатысқан төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 19:38

Аудандық төтенше жағдайдар бөлімінің мәліметінше, үстіміздегі жылы Бөрлі ауданында 9 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 6-уы тұрғын үй секторында, 3-еуі көліктің өртену оқиғасы. Төтенше жағдай қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда орын алатыны мәлім. Ауданда төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу бағытында кешенді шаралар ұдайы жүргізіліп отырады.

- Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен наурыз айында білім ошақтарынан бастап, өзге де мекемелерде адамдарды апаттан құтқару, қауіпсіз оқшауландыру, өрттің алдын алу мақсатында кешенді оқу-жаттығу жүргізіле бастайды. Өрт сөндіру көлігі келгенше адам өміріне төнген қауіптің алдын алу бағытында болмақ. Мекемелердің көпшілігі оқу-жаттығу шараларына белсене қатысады, - деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қайрат Джумагалиев.

Жиынға қатысқан қонақүй, мейрамхана, сауда орындарының басшыларының назарына қаладағы сауда, ойын-сауық орталықтарында өрт қауіпсіздігін ұдайы бақылауға ұстау қажеттігі тапсырылды. Эвакуация жолдарының болуы, жарық беруші электр жүйелерінің жағдайы, өртті анықтайтын автоматты жүйелердің жұмыс істеп тұруы, нысан ішінде және сыртта өртке қарсы сумен жабдықтау желілерінің болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының сақадай сай тұруы назарға алынды.

Террористік акт болған немесе қауіпі төнген жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Бөрлі аудандық бөлімшесінің жедел уәкілі М. Шаканаев баяндап, барлық террористік тұрғыдан осал нысандар санатындағы адамдар көп жиналатын нысандардың басшыларына барлық талаптарға сәйкес жұмыстануды тапсырды.

Айта кетерлік бір әттеген-айы - шақырылған бизнес басшыларының барлығы бірдей жиынға қатыспауы болды. Қауіпсіздік шаралары туралы мәселе көтерілетін жиынға мекеменің атынан аспазшыны жіберуі басшының жауапкершілігінің қаншалықты екенін көрсетсе керек. Сондай-ақ бірі - әкімшілік қызметкерін, енді бірі - бухгалтерін жиналысқа жіберген.

Төтенше бөлім мамандарының сөзінше, ойын-сауық орындардағы құқық бұзушылықтар бірдей. Сондықтан бір ғана тексеріспен мәселені шешу қиындау. Кейбір кәсіпкерлер қауіпсіздікті сақтауда жауапсыз қарайды. Тексеріс болатыны алдын ала хабарландырылатындықтан тексеруші келгенге дейін кейбір тексерістерді түзеуге тырысады. Көбіне кемшіліктер ескерту жасалған соң түзетілетінін айтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 19:38

- Бизнес қауымдастығы, жеке кәсіпкерлердің жауапкершіліктерін арттыру қажет деп ойлаймын. Өрт қауіпсіздігіне мемлекеттік органдар емес, ғимарат иесінің өздері мүдделі болуы керек, - деді тұрғын Бауыржан Расылов.

Кемерова қасіретінен кейін қазіргі таңда қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары дереу қолға алынбақшы. Дегенмен де көпшілікті Ақсайдағы халық көп жиналатын нысандар қазіргі таңда төтенше жағдайға қаншалықты дайын деген сауал толғандырады. Айтып келмейтін апаттан қорғанудың жалғыз жолы - қауіпсіздік қағидаларын мұқият орындау.

Жайнагүл Жеңісқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: