Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанның Қарулы Күштерінде ауқымды тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Тексерілетін тәртіптердің қатарында атыс, тактикалық, арнайы дайындық, әскери көліктерді жүргізу, әскери топография, инженерлік, физикалық және сапқа тұру даярлықтары бар.

Сурет : inform.kz 5 Сәуір 2018, 14:01

2018 жылғы даярлық жоспарына сәйкес, Қазақстанның Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен күш құрылымдары түрлерінде, аймақтық қолбасшылықтарда жауынгерлік әзірлік пен бөлімшелердің қысқы оқу кезеңі бойынша қорытынды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мұндағы негізгі мақсат - жеке құрамның әзірлігін жан-жақты тексеру, взводтардың, роталардың, бірлескен батальондар мен бөлімдер басқармасының шынайы әскери әзірлігін анықтау, оқу-жаттығу тапсырмаларын бағамдау барысында қысқа ғана уақыттың ішінде жүктелген міндетті орындау бойынша бөлімшелердің әзірлігін білу, жауынгерлік дайындықтың бағдарламасы мен жоспарын орындау.

ҚР Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірлеріне бағытталған арнайы кешенді комиссиялар құрылды. Қорытынды бақылау екі кезең бойынша жүргізіледі. 1000-ға жуық әскери бөлімдер мен құрылымдардың бірлескен түрлері, күштердің түрлері мен аймақтық қолбасшылықтар тексерілді.

Тексерілетін тәртіптердің қатарында атыс, тактикалық, арнайы дайындық, әскери көліктерді жүргізу, әскери топография, инженерлік, физикалық және сапқа тұру даярлықтары бар.

Комиссиялар, сонымен қатар, әскери техникалар мен қаруландыру жайын, өзіне қарасты аумақта әскери әзірліктерге басшылық ету бойынша лауазымды тұлғалардың жұмысты ұйымдастыра білу жүйесін, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын тексеретін болады.

Әрбір әскери қызметшіге жалғыз және бөлімше сапында теория бойынша ғана емес, іс жүзінде де емтихан тапсыруға тура келеді.

Оқу пәндері бойынша қорытынды бақылау тұрақты дислокациялық бөлімдердің пунктерінде, оқу орталықтары мен полигондарда да жүргізіле бермек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер