Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алимент төлемеген атыраулық жүргізуші құқығынан айырылды

Соттың шешімі заңды күшіне енді, орындау үшін Атырау облыстық ІІД-ге жіберілді.

Сурет : www.inform.kz5 Сәуір 2018, 16:16

Атырау қалалық сотында алимент төлемей жүрген азаматты жүргізуші құқығынан уақытша айыру туралы іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа тапсырылған материалдарда 2017 жылы ер адам бұрынғы әйеліне баласын асырау үшін алимент төлеуге міндеттелгені жазылған. Бірақ әке ретінде ол сот актісінің талабын орындамай, борыштың сомасы жинала келе 1 миллион 320 мың теңгеге жеткен. Қарызын өтеу үшін ер адам ештеңе істемеген. Соған байланысты сот жеке сот орындаушысының арызын қанағаттандырып, борышкерді қарызын өтегенге дейін жүргізуші құқығынан айыруға шешім шығарды», - делінген хабарламада.

Соттың шешімі заңды күшіне енді, орындау үшін Атырау облыстық ІІД-ге жіберілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер