Жаңалықтар тізбегі
0

Бауыржан Байбек Көкжиекте өртенген үйді жылдам қалыпқа келтіруді тапсырды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2018 16:32 Baq.kz
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті органдарға зардап шеккендердің дүние-мүліктерінің қолды болмауын қадағалауды тапсырды.

Бауыржан Байбек 5 сәуір күні Көкжиек ықшам ауданында өртенген көппәтерлі үйді аз уақыт ішінде қайта қалыпқа келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті органдарға зардап шеккендердің дүние-мүліктерінің қолды болмауын қадағалауды тапсырды.

«Жетісу әкімдігі мен қала құтқару қызметінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, жатын орындар мен тамақ әзірленді», - делінген хабарламада.

Дәл қазір үйде электронэнергия, газ және коммуникация өшірілді. Полиция үйді қоршауға алды.

«Ертеңнен бастап ірі өрттің неден шыққанын анықтау үшін комиссиялық тергеу жүргізіледі. Өрт-техникалық сараптамадан кейін ғана үйді қалпына келтіру жұмыстары басталады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, 5 сәуір күні алты қабатты үйде ірі өрт болды. 300 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, жабық бөлмедегі екі адам құтқарылды. Өрттің аумағы 1 180 шаршы метрді құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: