Жаңалықтар тізбегі
0

Семей әуежайы биылғы жазда пайдалануға беріледі

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2018 22:31 ҚазАқпарат
40 жыл күрделі жөндеу көрмеген Семейдің әуежайында жүргізіліп жатқан жұмыстарға облыс әкімі Даниал Ахметов оң бағасын берді.

Семейдегі әуежай құрылысы шілде айында аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

40 жыл күрделі жөндеу көрмеген Семейдің әуежайында жүргізіліп жатқан жұмыстарға облыс әкімі Даниал Ахметов оң бағасын берді. Қазіргі таңда ұшып-қону жолағы жаңартылды. Жаңадан апаттан құтқару стансысы іске қосылып, ішкі коммуникация жүйесі толығымен жөнделді.

22 айға белгіленген жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Терезе» ЖШС компаниясының бас директоры Лұқбек Тұмашинов облыс әкімін атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды.

«Бүгінгі күнге дейін әуежай құрылысына 6 млрд теңге қаражат жұмсалды. Оның өз құны - 10 млрд теңге. Жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Ұшу алаңы дайын. Қазір әуежайдың ішін толық жөнеуден өткізудеміз. Әуежай ішкі және сыртқы рейстер бойынша екіге бөлінді. Жүк терминалы болады. Барлығын қалпына келтіріп, осы жылдың шілде айына дейін аяқтауға тырысамыз», - деді мердігер компания басшысы.

Айта кетейік, Семейдегі əуежайды күрделі жөндеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге қаржы бөлінген еді. Құрлыс біткен соң, әуежай халықаралық стандарттарға сай болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: