Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Су тасқынынан зардап шеккен зыряндықтарға 1 миллион теңге аударылды

Өңірдегі 12 бірлестік өкілдері көңілі қаяу жұртшылыққа қол ұшын берді.

Сурет : Хабар 246 Сәуір 2018, 16:53

Шығысқазақстандықтар тасқыннан зардап шеккен Зырян ауданының тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Естеріңізге сала кетейік, аудандағы 9 ауыл мен Зырян қаласын қарғын су басып, бірнеше үй тұруға жарамсыз болып қалды. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған ауданның ахуалы әлі де мүшкіл. Өңірдегі 12 бірлестік өкілдері көңілі қаяу жұртшылыққа қол ұшын берді. Арнайы құрылған қайырымдылық қорына 1 млн теңге аударып, 8 тонна азық-түлік және басқа да қажетті жабдықтар апарып берген. «Қиналған ағайынға жәрдем беріп, демеу болу парызымыз», – дейді діни бірлестік өкілдері.

– Халқымыз аман болсын. Біз халқымызбен әрқашан біргеміз. Көмек керек болса, шама-шарқымызша қолдауға дайынбыз. Бүгінгі күні басқа дін өкілдерімен бірге бәріміз қол ұшын беріп жатырмыз. Бұл – үлкен бірліктің көрінісі, - дейді діни бірлестік өкілі Ермек Мұқатай.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер